Сарыағашта 63 елдімекеннің 49-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген
Сарыағаш ауданы бойынша жалпы 63 елді мекеннің 49 елді мекені (77,78 %) табиғи газбен қамтылған. 14 елді мекен (22,22 %) табиғи газбен қамтуды қажет етеді. Биыл 5 елді мекенді тиғи газбен қамту мақсатында Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Қосылу көзі — «Шардара ауданы Ұзыната АГТС». 4 елді мекен Әлімтау ауылдық округінде, 1 елді мекен Жылға ауылдық округінде. Атап айтқанда: Әлімтау ауылдық округі, Көктал елді мекені (халық саны — 98);Әлімтау ауылдық округі, Тасқұдық елді мекені (халық саны — 574); Әлімтау ауылдық округі, Әлімтау елді мекені (халық саны — 1561); Әлімтау ауылдық округі, Жайдаққұдық елді мекені (халық саны — 274); Жылға ауылдық округі, Қызыласу елді мекені (халық саны — 241);Сала мамандарының мәлімдеуінше, аталған елді мекендерде 2748 халық тұрады.
Биыл 4 елді мекенніңқұрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржылары бюджеттен бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатқан нысандар қатарында Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі, Жылға, Нұрауыл, Ферма №3 елді мекендері, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі, Шеңгелді елді мекені, Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі, Ердауіт, 51-разьезд елді мекендері бар. Бүгінгі таңда 5 елді мекеннің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін салалық басқармаға бюджеттік өтінімін жолданды.
Жалпы облысымызда тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Әсіресе, жұмысы тоқтап қалған «сақалды құрылыстардың» да шешімі табылып, нысандар іске қосылып жатыр» дейді сала мамандары.Ресми деректерге жүгінер болсақ, Түркістан облысында 2 млн. 119 мың 063 адам өмір сүретін 832 елді мекен бар.