Қазығұрт ауданында 26 ішкі көше орташа жөндеуден өтеді

Қазығұрт ауданы аумағында 1 363 шықырымды құрайтын жол бар. Былтыр КХ-44 «Жігерген-Көкібел» облыстық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу үшін 210 млн. теңге қаржы бөлінген. Биыл 2024 жылға өтпелі болғандықтан 746 млн.теңге бөлініп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, 2023 жылы 45 ішкі көшелерді орташа жөндеу үшін 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінген болатын. Бүгінде 37 көшеде атқарылуы тиіс жұмыстар аяқталды. Қалған 8 көшенің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы жалғасын табатын болады.

Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар  КХКZ-28 ШҚ 45 «Айнатас-Қақпақ» — Калинина (Туғыртас) жолын орташа жөндеуге 226 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, 26 ішкі көшелерді орташа жөндеуге 928,5 млн. теңге қаралып отыр. Жыл соңына дейін барлық нысандарды пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, облыста өткен жылы 48 млрд. теңгеге 676 нысан, яғни 1586,4 шақырым жол жөнделген. Биыл 747,8 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелері жөнделіп, жаңартылады деп жоспарланып отыр. Оған республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді, сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы да қаржы бөлу жалғаспақ. 2024-2026 жылдар аралығында облыстық, аудандық маңызы бар жолдар және елді мекен көшелерінде 1004 нысан немесе 2445,6 шақырым жол мен көшені жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 95 пайызға жеткізу көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *