Сарыағаш ауданында 3 мектеп пен 5 дәрігерлік амбулатория салынуда
Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округі Қарабау елді мекенінен 27 гектар жер теліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Былтырғы жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, Дербісек елді мекенінен 58 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталды. Ал, Қанағат елді мекені, Ешов көшесінің бойындағы 150 орындық мәдениет үйі және кітапхана құрылысы да өткен жылдың тамыз айында басталған-ды. Қазіргі таңда мұнда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жылға елді мекенінде спорт кешенінің құрылысы қолға алынған болатын. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда Сарыағаш ауданы аумағында былтыр құрылысы басталған 3 мектеп және 5 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2 мектеп 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы пайдалануға тапсырылған. Қалған 1 мектеп 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы 2024 жылы пайдалануға тапсырылады деп күтілуде.
Ал, енді дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жайлы айтар болсақ. Жылға ауылдық округіне қарасты Қарақалпақ ауылында бір ауsсымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылы басталған-ды. 2023 жылы тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталды. Қапланбек ауылдық округі, Жонарық ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның да құрылысы 2022 жылы басталып еді. Құрылыс жұмыстары былтырғы жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, Жібек жолы ауылдық округі Жаңатұрмыс ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы былтыр қолға алынған болатын. Нысан биылғы жылға өтпелі.