Астана маңындағы өртті толық сөндіруге екі апта керек — министр

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана маңындағы құрғақ шөп өрті қашан толықтай сөндірілетінін айтты.

«Жағдай тұрақты, кеше сағат 21.00-де өрт аумағы оқшауланғанын хабарладық. Бұл жерде біраз жылдан бері жиналған құрғақ қамыс өртенді. Жел екпіні күшейген кезде бықсыған қалың шөп қайта өртенуі мүмкін», — деді С. Шәріпханов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, өртті толықтай өшіруге шамамен бір аптадан аса уақыт керек.

«Бұған бір-екі апта уақыт керек болады. Мұның барлығы аталған факторларға байланысты. Әрине, өрт сөндірушілер жұмысы мен жаңбыр өртті толықтай өшіруге елеулі ықпал етері анық», — деді министр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *