Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері айтылды

Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудандық полиция бөлімі мен «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аудандық аумақтық орталығы» КММ-нің бастамасымен «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны А.Утебаева, Аманат партиясы Бәйдібек аудандық филиал төрағасы А.Құлымбет, аудандық іскер әйелдер төрайымы Н.Қырықбаева, ҮЕҰ төрайымы Р.Қожамжарова, «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аудандық орталығы» КММ-не қарасты әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесінің психологы М.Исрайлова, әлеуметтік маманы П.Мүтәлі, аудан тұрғындары қатысты. Қабылдауға келген азаматтар мен азаматшаларға құқықтық, психологиялық кеңестер беріліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тұрғындарға қысым көрген жағдайда не істеу керектігі жөнінде мәліметтер бар арнайы ұнпарақтар таратылды.
Акция барысында қабылдауға келген азаматтарға «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы түсіндірілді.
Облысымызда 179 мың көп балалы ана бар. 2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде. 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегері бар. Аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді.
Айта кетейік, жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *