Жадыра дұрыс тамақтанудың жолдарын айтты
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің диет бикесі Жадыра Худайбергенова қызмет алушы балаларға арналған күнделікті төрт мезгіл берілетін бір күндік ас мәзіріндегі дайын тағамдарды тоңазытқышқа уақтылы салып, балалардың дұрыс ұтымды, сапалы тамақтануын қадағалап, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуші қызметкерлерге «Дұрыс тамақтану» тақырыптық баяндамасын қызметкерлер арасында оқып, видео ролик арқылы түсіндірме жұмыстарын жасады.
— Диетологтардың көпшілігі күнделікті тағам рационында ақуыз болуы керектігін айтады. Одан бөлек, жеміс-жидектер мен көкөністер де жеткілікті мөлшерде қабылдау қажет. Өйткені олардың құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер мен минералдар бар. Бастысы күн сайын тиісті мөлшерде су ішуді әдетке айналдырыңыз.
Негізінен дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдар тауықтың не болмаса күркетауықтың төс етін көбірек пайдалануға тырысады. Өйткені төс еті көп мөлшерде ақуызға бай тағамға жатады. Бірақ та етті күнделікті тағам рационынан алып тастау қажет деген сөз емес. Оның құрамында да көптеген пайдалы дәрумендер бар. Бастысы оны дұрыс пісіріп тұтынған жөн, — дейді Жадыра Худайбергенова .
Сондай-ақ, мамандар қызанақ, қияр, авокада, салат жапырағын және тағы басқа да көкөністерді жиі пайдалануға кеңес береді. Олардың құрамы дәрумендерге өте бай. Әсіресе осы авокада көкөнісін таңғы асқа көбірек қолдануға тырысады.
Түркістан – халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты.
Облысымызда 179 мың көп балалы ана бар. 2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде. 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлерімен мақтанамыз.
Ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Солардың бірі ретінде Жадыра Худайбергенова.