Кәсібімді келіндерім жалғастырып келеді

Кәсіпкер, халықаралық медиатор Сайера Даванова Сайрам ауданында тұрады. Сайрам ауданы Манкент ауылында дүниеге келген. «Мен мектепте оқып жүргенімде қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде араласатын едім. Тіпті, бар ғой, білім ошағының қабырғасында болатын келіспеушіліктер мен қақтығыстарды шешуге білек сыбана кірісіп кететін еді. Әр адамның бойында бір қасиет болады ғой. Мен ел арасындағы дауларды шешуге, екі жақты татуластыруға бала күнімнен бейім болдым» дейді кейіпкеріміз.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңы қабылданып, бұл салада көптеген өзгерістер мен толықтыру болды. Сала даму түсті. Былай қарағанда, бұл біздің бұрынғы ата-бабаларымыздың ұстанған жолы. «Мен халықаралық медиатор болғандықтан, шетелдерде өтетін семинар-кеңестерге, тренингтерге жиі барамын. Біздің елімізде көбіне ерлі-зайыптылардың арасындағы мәселелер, жер дауы, этносөкілдерінің арасында да түсінбеушілік туындап тұрады. Оларды біз заңға сүйене отырып, екі тарапты татуластыруға, мәселелерді ушықтырмай шешуге тырысамыз. Айта кетейін, халықаралық медиаторлар болғандықтан ел арасындағы екі ұлттан құралған отбасылардағы келіспеушіліктерді шешіп, ерлі-зайыптыларды ауызбіршілікке шақырдым. Өткен жолы Туркия мен Қазақстан азаматтарының арасында балаға таласу сияқты мәселе болды. Оларды да белгілі бір уақытта көрісіп тұратындай жағдай жасап, соның арқасында ерлі-зайыптылар бірін-бірі кешіріп, қосылып, балаларын бірге тәрбиелеу керектігін түсінді. Жасөспірім шақта кейбір балалар білместіктен ұрлық жасап қояды. Міне, сондай кезде қарсы тарапқа шығынды өтеткізіп, жасөспірімдерге мұның соңы неге әкеп соғатынын айтып, кешірім сұратамыз.   Қысқасы, медиацияның маңызы, қоғамға әкелер пайдасы орасан зор» дейді Сайера Даванова.

Елімізде медиация саласы дамып келеді. Республикамызда мыңнан астам медиатор бар. Олар қоғамымызда қылмыс санының, ажырасудың азаюы үшін еңбек етуде. Менің төрт ұлым бар. Олардың өзінің жеке кәсібі бар. Жұмысшыларым арасында да, тұтынушылар арасында да келіспеушіліктер болып қалса, балаларым дереу маған хабарласып «Мама, татуластырып беріңізші» деп өтінеді. Сонымен қатар, менің «Би» деген де атағым бар. Манкент ауылындағы билер де маған келіп, өздерінің мәселелерін айтып отырады. Медиатордың кейбір мәселелерді жергілікті сала мамандарымен, әкімшілік құрылымдармен бірлесе отырып шешуге құқығы бар. Ең бастысы, тараптар татуласса болды», — дейді медиатор.

Сайера Даванованың төрт ұлы бар. Балаларының бәрі де кәсіпкер. Ол өзі медиаторлықпен Манкенттегі іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қызметін қатар атқарып келеді. «Аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шаттық Бекзатованы ұстазым деп білемін. Ол менің кәсіпке келуіме бірден-бір себепші адам. Қазіргі таңда нанның түр-түрін шығаратын кондитерлік цехымыз бар. Бүгінде бұл кәсіпті келіндерін жалғастырып, өз нәпақаларын тауып отыр. Шаттық Ақылбекқызына айтар алғысым шексіз. Кондитерлік цехтан бөлек «Мастер спорта KZ» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігіміз де бар. Онда 40 шақты жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған» дейді кейіпкеріміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *