Сауранда таза ауыз сумен қамтылған елді мекендердің саны артты
Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округте 35 елді мекен бар. Оның ішінде 2009-2019 жылдары 31 елді мекенге Түркістан қаласының және Кентау қаласының тарапынан ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 9 айда 99,6%-ды құрап отыр.
Ал 3 елді мекенде Тұрғын үй саны және халық санының жеткіліксіз болуына байланысты экономикалық жағынан тиімсіз деп саналып, ауыз су құбыры жүргізілмеген. Бұдан бөлек, Шаға ауылдық округі, Шоқтас елді мекенін, Иассы ауылдық округі Еңбекші Дихан, Ораңғай ауылдық округі, Бостандық елді мекеніндерні сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделуде.