Сауранда шағын және орта кәсіппен айналысушылар көбейді
Сауранда 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 5268 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 5208 немесе 98,8 пайызды құрады. Ауданда кәсіпкер болуға ниетті немесе кәсіпкерлерге, бастапқыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 100, 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа қатысу және бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген 6 пайызбен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдендіру, субсидиялау құралдарын пайдалану арқылы несиелендіруді ұсынылуда.
Ал, бизнес , немесе сауда саласына жататын болса кепілсіз 6%-бен 20,0 млн.тенгеге дейін қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндіктер қарастырылған.