ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысында «Turkistan Style» халықаралық суретшілер симпозиумы өтіп жатыр. Шараға 8 елден келген халықаралық деңгейдегі суретшілер қатысуда. Олардың қатарында Ресей, Үндістан, Белоруссия, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның әр өңірінен келген танымал суретшілер мен профессорлар бар. Симпозиум барысында 120-дан астам кескіндемелік жұмыс көрмеге қойылған.
Жалпы симпозиум Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық мәдениет басқармасы мен Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен 11-17 сәуір аралығында өтеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *