Арыс қаласында құрылыс қарқын алуда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Арыс қаласына арнайы іссапармен барып, жаңа нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, бүгінде мұнда Дендросаябақ аумағында жеке инвестор есебінен 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салынуда. Мердігер мекеме «Shymkent Build» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес жүргізуде. Облыс әкімінің орынбасары тұрғын үй алаңында болып, жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапалы болуы керек екенін ескертті.

Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Арыстағы бірегей транспорт-логистикалық орталықтың құрылысмен танысты. «Mega-Agat» компаниясы салып жатқан қойманың көлемі 17 000 шаршы метрді құрайды. Қойманың 14 000 мың шаршы метрі қатты заттар сақтауға арналса, 3 мың шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкөніс сақтайтын орын болмақ. Бүгінде қойманың құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Аталған кәсіпорын аумағында құны 600 млн теңгені құрайтын, сыйымдылығы 9 мың тоннаға шақталған астық сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Жаңа қойма іске қосылғанда, жергілікті диқандар астықты қала төңірегінде сақтап, тиімді бағада нарыққа шығара алады. Жаңа астық сақтау қоймасы арқылы қосымша шығындар азайып, баға тұрақтылығы орындалады деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгінде Арыс қаласында 80 мыңға жуық халық тұрады. Оның 30 мыңнан астамы жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес, барлық салада оң динамика қалыптасқан. Мәселен, былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 55,8 млрд. теңгені құраса, өнеркәсіп саласында 9,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, құрылыс көлемі 6 есе өскен. Тартылған инвестиция көлемі 22,6 млрд. теңгеге жеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *