Елімізде балалардың 50%-дан астамы анемияға шалдыққан
Елімізде балалардың 50%-дан астамы анемияға шалдыққан. Бүгінгі таңда 100 000-нан аса бала есепте тұр, деп хабарлайды Kazinform.
Репродуктивті жастағы әйелдірдің 45 %-да анемия бар.
Жүктілік алдында анемияны емдеудің маңызы зор. Өйткені қаназдық анадан балаға беріледі.
Қаназдықтың белгілері: бас айналу, ентігу, дәмнің өзгеруі, тырнақтың сынуы, пластинасының жұқаруы, шаштың түсуі, терінің бозаруы.
Анемияны анықтау үшін қан сараптамасын тапсыру керек. Қалыпты жағдайда гемоглабин мөлшері: 0-5 жастағы балаларда – 110, 5-11 жастағы балаларда 115, 12-15 балаларда 120, әйелдерде – 120, жүкті әйелдерде 110, ал ер адамдарда 130 болуы керек.
Жалпы қан анализінде гемоглобин мен эритроциттердің мөлшері, ал биохимиялық қан анализінде — темірдің деңгейі анықталады. Егер гемоглабин көрсеткіші мен темір деңгейі төмен болса дәрігерлер ем тағайындайды.
Темір тапшылықты анемия кезінде темір препараттарын курстық қабылдау ұсынылады.
Анемияның ауырлық дәрежесіне орай ем 3 айдан 6 айға созылады. Елімізде қаназдық бойынша есепте тұрған науқастарға дәрілік препараттар тегін беріледі.
Жолдаманы жергілікті емханадағы учаскелік дәрігер береді. Анемияның алдын алу мен ем жолдары туралы толық ақпаратты 20 қазан күні «Жібек жолы» арнасында болған «Біздің дәрігер» жобасынан біле аласыз.