Афинаның ең биік нүктесінде Қазақстан туы желбіреді

Республика күніне орай Қазақстанның көк туы Афинаның ең биік нүктесі — Ликавитос тауына көтерілді. Kazinform бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр биіктікте орнатылған Қазақстан туын тамашалады.

Гректер үшін көне де киелі жерде қазақ туының көтерілуі екі ел арасындағы достастықты білдіреді.

«Ерекше құттықтауды Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесі ұйымдастырды. Оның басты мақсаты — сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *