Жас отбасылар жарысты

Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресуртық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында отбасылық құндылықты нығайту мақсатында ”Парасатты отбасы” атты спорттық сайыс өткізілді.

Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат — жас отбасыларды бірлікке, татулыққа шақыру. Сонымен қатар, отбасы құндылықтары мен отбасындағы бала тәрбиесі және ата — ана мен бала арасындағы қарым — қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын ұстану болып табылады.

Отбасылық сайысқа Төлеби аудандық аналар кеңесінің төрайымы Рахишова Айдаркүл апамыз, Төлеби аудандық мәслихат депутаты Мауленов Жанғали, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Қалу Береке төрелік етті. Спорттық сайысқа 13 команда қатысты. Қатысушылар 5 кезең бойынша бақ сынады. Сайыс барысында өздерінің ептілігі мен жылдамдығы арқасында жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққан жас отбасылар жүлделі орындарға ие болды. Атап өтер болсақ, сайыс қорытындысы бойынша I орын Медешовтер отбасына (100 000 теңге), II орын Сераливтер отбасына (70 000 теңге), III орын Абетаевтар отбасына (50 000 теңге) бұйырды.

Сайысқа белсенді қатысқан барлық жас отбасыларға алғыс хаттар мен ынталындыру сыйлықтары табысталды.

Айта кетейік, бүгінде өңірдегі көп балалы отбасылар саны 185 690-ға жеткен. Яғни еліміздегі көп балалы отбасылардың әрбір төртіншісі Түркістан облысында тұрады деген сөз. Сондықтан әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың табысын арттыру арқылы кедейлікті төмендету жұмыстары биыл да тұрақты түрде жалғасып келеді. Сәйкесінше биыл өңірдегі кедейлік деңгейін 5,5 пайызға дейін төмендету жоспарланған. Осы орайда биыл 116,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек беру үшін бюджеттен 9,6 млрд. теңге бөлінген. Сонымен қатар, кедейлік деңгейін төмендету жөнінде аудан, қала әкімдерімен меморандумдар түзіліп, АӘК берудің тоқсандық жоспары бекітілген. Бұл тұрғыда 7 ай ішінде 14 160 отбасы немесе 84 860 адамға АӘК тағайындалып, көмекке мұқтаждар саны 19 563 адамға кеміген. Қазіргі уақытта аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 4 пайызын құрап отыр. Айта кетсек, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жағдайы төмен азаматтардың саны 61 224 адамға немесе 41,9 пайызға азайыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *