Отбасы құндылықтарын сақтау – мемлекеттің даму кепілі

Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі және мәдениет пен адамгершілікті қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады. Халқымыздың рухани байлығының бірі – отбасы құндылықтары десек қате емес.
Жалпы, отбасылық құндылықтар отбасы ішіндегі салауатты және бақытты қарым-қатынастың негізін құрайды. Құндылықтар үйлесімділікті, сенім мен сыйластықты қалыптастыруға, сондай-ақ жеке тұлғалардың дамуына және отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Шексіз сүйіспеншілік, құрмет, сенім, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс отбасына қиындықтарды жеңуге және бірге бақытты, тұрақты өмірге қол жеткізуге көмектесетін негізгі принциптер болып саналады.
Міне осындай принциптерге негізделген отбасы тату, кикілжіңді бірге отырып шешетін, психологиялық тұрғыда сау азаматтарды өсіріп шығарады. Бұл мемлекетіміз үшін аса маңызды дүние.
Осы ретте елімізде 1995 жылы Қазақстан Президенті жанынан Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселесі бойынша кеңес құрылды. Үш жылдан соң аталған ұйым Қазақстан Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссиясы деп өзгертілді.
Нәтижесінде, оның құзыреті өсті, алар орны мен шекарасы кеңейді. Қазір комиссияның еліміздегі барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында өкілдіктері бар. Ұлттық комиссияның отбасылық саясатты дамыту, ұрпаққа үлгілі тәрбие беру жөніндегі алдағы жылдарға арналған жоспары бекітіліп, өңірлерге таратылған.
Осыны негізге ала отырып, облыстар өзінің өңірлік ерекшеліктеріне сай, іс-шаралар жоспарын жасап, тұрақты қызмет атқарып отыр. Мәселен, Түркістан облысында Түркістан облысында отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықты профилактикалау, жас отбасыларды қолдау, сондай-ақ отбасыларда жиі кездесетін проблемалық мәселелерді зертеу саласында бірқатар жұмыстар іске асырылуда.
Отбасылар мен жастар арасында отбасылық рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында биылғы жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Атап айтсақ, жастар және жас отбасылар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Біз бақытты баламыз!» тақырыптарында 4 дөңгелек үстел, 4 семинар-тренинг, 3 кездесу өткізіліп, 348 жас, 34 ата-ана қамтылды.
Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алуға отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, жанұяның беріктігін сақтауға, ажырасудың алдын алу мақсатында облыста кәсіби мамандармен 565 психо–профилактикалық жұмыстар (психологиялық, заңгерлік кеңестер және әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық қызметтер) жүргізіліп жатыр.
Облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдары, полиция және үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты, әлімжеттікті профилатикалау, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары мен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» және «Отбасындағы бейбітшілік», «Жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылығы», «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Біз бақытты баламыз!» «Жанұям менің мақтанышым», «КелінLIFE», «Менің отбасым», «Әкең қамқоршың, анаң ақылшың» және тақырыптарында 75 семинар-тренинг, 4 дөңгелек үстел, 
12 кездесу және 3 спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4000 жас қатыстырылып және 250 жас отбасылар қамтылды.
Облыста «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол – ЖОҚ!» тақырыптары бойынша, мектептерде, жастар мен халық көп шоғырланатын жерлерде түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп,
5 000-нан аса үн парақша (брошюра) тарқатылды.
Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесі, билер алқасы, Ассамблея жанындағы ақсақалдар мен аналар кеңестерін қатыстырып түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылуда.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында барлық аудан, қаладағы 117 сыртқы жарнама құралдарында баннер эскиздері мен видеориликтер орналастырылды.
Сонымен қоса, БАҚ-да және әлеуметтік желілерде 568 ақпарат жарық көрген. Оның ішінде 39-ы электронды БАҚ, 89-ы ақпараттық сайтта, 34-і баспа БАҚ, әлеуметтік желіден 406 жазба жарияланған.
Ұлттық комиссияның ұлттық отбасыны насихаттау жөніндегі үлкен іс-шарасының бірі – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы. Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші отбасылар саны жылдан жылға көбеймесе азайған емес. Осы байқау жас отбасылардың алдағы аға буын отбасылардан үлгі алып, өз-өздерін тәрбиелеуге үлес қосуда. Осы орайда өңірде биыл жастар және жас отбасылар арасында отбасылық рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауы өткізілу жоспарланып отыр. 9-рет өткізіліп отырған ұлттық байқауға Түркістан облысынан 131 отбасы өтініш білдірген.
Сонымен қатар биыл аудан, қала бойынша жас отбасылардың санасына отбасылық құндылықтардың маңыздылығын сіңіру, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін алдын-алу мақсатында «Шаңырақ» жобасы аясында семинар-тренинг және жас отбасылар арасында отбасы күніне орай жастарды салт -дәстүрге, отбасындағы құндылықты дамытуға толыққанды тұлғалық және дамуына, өзін- өзі тəрбиелеуге жəне өзін дамыту қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастыру жоспарланған.
Сондай-ақ елімізде Бала құқығы бойынша өкілетті институт құрылып, 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясатқа қатысты тұжырымдамасын бекітті.
Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік бағдарламаларға сүйенбей, ұлтық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы ретінде санауы керек. Әрбір отбасында өскен тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі.
Отбасы құндылықтары бала тәрбиесінен бастап ересек отбасы мүшелерінің қолдауы мен құрметіне дейінгі барлық дүниеден көрінеді.
Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты үш топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.
Айта кетсек, Түркістан облысында көпбалалы отбасы саны жыл санап өсіп келеді. Қазіргі таңда өңірде 183 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Соның ішінде 60 мыңнан астамы «алтын алқа» ж»не «Күміс алқа» иегерлері. Мамандардың айтуынша, демографиялық ахуалдың жақсара түсуі мемлекеттік қамқорлығы мен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсыруы екен. Жалпы облыста өткен жылы көпбалалы аналардың саны 145 мың болса, биыл олардың қатары 38 мың анамен толыққан. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері әсіресе Жетісай, Сарыағаш пен Сайрам аудандарында көп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *