Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесінің ұйымдастырумен 12 — қыркүйек «Отбасы күніне» орай Кентау қаласында қоғамдағы отбасы мәртебесін арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Берекелі шаңырақ» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның мақсаты отбасы құндылықтарын ажырата алу және сақтауға тәрбиелеу. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ, отбасындағы қаржылық сауаттылық арттыру.

Кездесуге «Baglan-group» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрбанов Әбілқайыр Жүсіпбекұлы, Педагогика ғылымдарының магистр, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы, «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімі психологі Өміртаева Жансая Ержанқызы және жас отбасылар қатысты.

Кездесуге қатысқан жас отбасылар, ата-ана мен бала және әйелі мен күйеуінің қарым-қатынасын қалай жақсартуға, сонымен қатар, қазір таңдағы отбасылық бюджетті басқару туралы спикерлердің кеңесін тыңдап, тақырып төңірегінде толғандырған сұрақтарын қойып, арнайы мамандар қойылған сауалдарға жауап берді.

Айта кетейік, Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы таратқан мәліметтерге сүйенсек, өңірімізде 110 мыңнан астам адамы бар 27 мың отбасы АӘК алады. Бұл отбасыларда 70 мыңнан аса бала тәрбиеленіп отыр. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша аз қамтылған отбасыларда 1-6 жас аралығындағы 48,7 мың бала бар. Оларға өткен жылы 1 млрд. 695,2 млн. теңге көлемінде қосымша әлеуметтік төлем тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *