Балаларға арнап ойын алаңшасын ашты
Жақында Кентау қаласы Шоқтас ауылы жалпы орта мектебінің ауласынан көп функционалды спорт алаңы пайдалануға берілді. Қала әкімі Жандос Тасов білім күнімен ауыл тұрғындары мен балаларды құттықтап, ойын алаңшаның лентасын қиды. Қала әкімі белсенді ауыл тұрғынына ауылдың дамуына қосқан үлесіне ризашылық білдірді.
Аталмыш мектеп былтыр ғана бой көтеріп, пайдалануға берілген болатын. Бүгінгі таңда ауылдың 350 оқушысы білім алады. Балаларға білім мен тәлім беруде 100-ге жуық ұстаз қызмет атқарады. Мектеп оқушыларына барлық жағдайы қамтылған білім ордасының заманауи спорт залы бар.
Мектеп құрылтайшысы Насымбек Джанадилов биыл балаларға арнап ашық алаңға, жаңа ойын алаңша салып берді. Ойын алаңшаға Кентау қаласының құрметті азаматы, спорт шебері Қанатбек Шағатаевтың есімі берілді. Жаңа ойын алаңша ауыл балалары үшін кез-келген уақытта спортпен шұғылдануға мүмкіндік бермек.
Айта кетейік, облыс халқының 38%-ы балалар, олардың 155 мыңнан астамы балабақшада, 520 мыңы мектепте. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында тұрады. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына барынша жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, «Оқушылар сарайы», түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыстарын бір сәт те тоқтатқан емес.