Қарнақ ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 300 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының мәдени-рухани сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған бұл маңызды нысан бүгінде аяқталу кезеңіне таяп қалды. Құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылып, белгіленген мерзімде пайдалануға беру көзделіп отыр.

Жаңа мәдениет үйі заманауи талаптарға сай жобаланған. Ғимаратта кең әрі жайлы көрермен залы, сахна, қызметтік және қосалқы бөлмелер, сондай-ақ қажетті инженерлік инфрақұрылым толық қарастырылған. Бұл ауылда түрлі мәдени-көпшілік шаралар, концерттер, театрландырылған қойылымдар, кездесулер мен тәрбиелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

Нысан 300 көрерменге шақталған, жалпы аумағы 0,7 гектарды құрайды. Қазіргі таңда екі қабаттан тұратын ғимараттың ішкі әрлеу және жарықтандыру жұмыстары қолға алынған.

Аталған мәдениет үйінің құрылысы Ауыл – Ел бесігі жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жоспарға сәйкес, мәдениет үйінің құрылысы жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *