Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы саласында 11 жоба қаржыландырылады

Түлкібас ауданында өткен жылы ауылшаруашылық өнімі көлемінің жоспары 60 535,0 млн. теңге болса, 12 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 61 266,0 млн. теңгені құрады. Ауылдарды дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарлама Мичурин, Балықты, Рысқұлов, Шақпақ ауылдық округтерінде іске асырылып, 1 396,0 млн. теңгеге 209 жоба қаржыландырылды. Атап айтар болсақ, өсімдік шаруашылығын дамыту бағытындағы 5 жобаға 32,6 млн. теңге, мал шаруашылығын дамыту бағытындағы 88 жобаға 1 278,0 млн.теңге, құс шаруашылығын дамыту бағытындағы 4 жобаға 17,5 млн. теңге, балық шаруашылығын дамыту бағытындағы 3 жобаға 16,8 млн. теңге бөлінді.
Өз кәсібін ашу мақсатындағы 9 жобаға 51,1 млн. теңге қаралды. Ал, биыл аталған бағдарламаға 4 ауылдық округ енгізіліп отыр.
Сонымен қатар, 2024-2026 жылдар аралығында ауыл шаруашылық саласы бойынша 9,8 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны («Баян Сұлу» СҮ (сауда үйі) 200 бас сауынды сиырға арналған сүт комплексі, «Сармат» ШҚ-ның мал бордақылау алаңы, «Алмалы сай» ӨК-нің мал бордақылау алаңы мен қарқынды бауы, ЖК «Маржан» сүт өнімдерін қайта өңдейтін цехі. ЖК «Төртбаев» көкөніс 5000 тонна сақтайтын қоймасы, «Борсықсай» ЖШС жылына 2000 тонна балық жемін өндіретін зауыт, «Кентау» ЖШС-нің алма сақтау қоймасы, «Көктал» ШҚ-ның жылына 3 мың тонна жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдейтін цехы. «Бейбарыс Агро» ЖШС-ның 5000 ІҚМ бордақылау алаңы, «Көктал» ШҚ-ның 95 га жерге қарқынды алма бауын отырғызу, «Кентау» ЖШС-нің 100 га жерге қарқынды алма бауын отырғызу) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 192 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *