Жетісай ауданында бірқатар жаңа нысандар бой көтеруде
Жетісай ауданында бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жетісай қаласыДайрашев көшесіндегі 300 орындық мектеп, Жетісай қаласындағы спорт сауықтыру кешені және Өркенді елді мекеніндегі футбол алаңын, Жетісай қаласындағы орталық саябақты, 20 пәтерлі 3 тұрғын үй 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда биылғы жылға өтпелі «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынғанАсықата кентіндегі 900 орындық, Жетісай қаласындағы 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округіндегі 600 орындық мектептердің, Жылы су ауылдық округі Баққоныс елді мекеніндегі фап құрлысы, Жетісай орталық ауруханасында заман талабына сай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда құрылыс саласындағы ауқымды істердің бәсеңдемеуіне ерекше көңіл бөлінуде. Әрине кейбір мәселелерді шешу үшін қосымша қаражат, белгілі бір уақыт керек болады. Бүгінгі таңда ауданда Қарақай ауылдық округі Сәтпаев елді мекеніндегі мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, нысан биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал, ағымдағы жылы жаңа ауыл ауылдық округі Мырзашөл елді мекеніндегі мәдениет үйі және Атамекен ауылдық округіндегі №67 Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі күрделі жөндеу жұмыстарынан өтетін болады.
Бұдан бөлек жетісай қаласы аумағында ұлғайтылған 35 гектар жер теліміне инфрақұрылымдарды жүргізу үшін аудандағы мәдениет үйлерімен, кітапханалары жоқ Атажұрт, Атамекен, Қызылқұм, Талапты елді мекендеріне мәдениет үйі және кітапхана салу үшін жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамасы алынып салалық басқармаға ұсынылды.