САРЫАҒАШТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен өңірде тазалық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Өңір басшысы жалпыаудандық сенбілікке тұрғындармен бірге атсалысты.
Шарада республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойындағы күл-қоқыстар, арық-атыздар тазаланып, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша жалпы 11 тонна қоқыс шығарылып, 120-дан астам адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *