Сарыағаш қаласы кәріз жүйесімен толық қамтылады

Сарыағаш қаласын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету, 3 кезеңнен тұрады. 1 кезеңі магистралды кәріз құбырларын және КНС (1,2,3,4,5,6,7,8,9) салу бойынша республикалық бюджеттен қаржы қаралып құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталған.     Ал, 2 кезең бойынша Сарыағаш қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысы (КОС қуаттылығы 3400м3/тәу) нысанының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың 31.12.2021 жылғы №19-0497/21 қорытындысы алынған. Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер «Сарыағаш Аман» ЖШС жеңімпаз деп танылған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. Нысан 2024 жылға өтпелі. Бүгінгі таңда аталған нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

3 кезең бойынша Сарыағаш қаласындағы тұрғын үйлерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету нысанының сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленіп, демеуші есебінен «TALIBProjecGroup»ЖШС жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Осы 3 кезең толық аяқталған жағдайда Сарыағаш қаласы кәріз жүйесімен толық қамтылады. Солардың қатарында 13 көп қабатты тұрғын үйде қамтылатын болады.

Алайда, жоғарыда аталған кезеңдер ұзақ мерзімді талап етеді. Осыған орай, Сарыағаш аудан әкімдігі көпқабатты 13 (жалпы 585 пәтер) тұрғын үйді ағымдағы жылы пайдалануға беру мақсатында тұрғындар санын есепке ала отырып, көпқабатты 13 тұрғын үйдің кәріз жүйесіне уақытша арналған 100 м3, 3 (үш) дана қойма (емкостъ) орнату жоспарланған. Осы нысанға бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, жеңімпаз мердігер «Спецкоммунстрой» ЖШС анықталды. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың маусым айында дейін аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *