Түркістан облысын демографиялық өсім бойынша алдыңғы қатарда
Соңғы жылдары облыс бойынша ажырасу және некесіз бала туу деректері көбейіп жатыр. Отбасы құндылықтарын дәріптеу маңызды мәселеге айналған.
Облыста Түркістан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қызметін жетілдіру жөнінде шаралар кешені қабылданған болатын. Күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған жаңа тәсілдер мен жұмыс регламенті бекітілді. Осыған байланысты отбасы және әйелдер істері демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын жетілдіру үшін аудан, қала әкімдеріне ұсыныстар дайындалды.
Түркістан облысында 1 млн. 200 мыңға жуық әйел бар. Бұл – облыс халқының жалпы 49,2 пайызын құрайды. Облыс көлемінде демографиялық өсу деңгейі жоғары дәрежеде. Республикадағы әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүниеге келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 57 429 бала дүние келсе, биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша 26 706 бала дүниеге келген. Түркістан облысында алтын мен күмістен алқа таққан аналар саны жыл санап артып келеді. Қазір таңда облыста 177 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде, 15 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр.