Сауран ауданында өнеркәсіп саласы дамып келеді

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын өнеркәсіп саласында 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен 4 млрд 389 млн. теңгенiң өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 80,2% құрады.  

Өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 2 млрд 825,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 70,6 %-ға пайызға жеткен. Жалпы ауданда 33 кәсіпорын жұмыс атқарады. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8 млрд 319,7 млн.теңгені құрады. Оның ішінде: Республикалық бюджеттен есебінен 1 млрд 147,8 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен 2 млрд 230,3 млн.теңге, меншікті қаражат есебінен  4 млрд 710,0 млн.теңге, басқада қарыз қаражаты есебінен 231,3 млн.теңге. Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі. Мәселен, есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 542,9 млн. теңге, яғни, 100,3 пайызды құраған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *