Сауранда туризм саласы өркендеп келеді
Сауран ауданының экономикалық әлеуетін дамытудың негізгі бағыты ретінде туристік кластерді құрып және дамыту көзделуде. Ел арасында Сауран ауданының мәдени тарихи мекедеріне қызығушылық танытып 2022 жылдың 9 айында 55 193 турист келген.
Оның ішінде:
- Сауран қалашығына – 7106;
- Үкаша ата кесенесіне 44 689;
- Жылаған атаға – 1066;
- Жүсіп ата кесенесіне – 1932 турист келген. Аудан аумағында «Әзірет Сұлтан» қорық – мұражайының меншігінде 52 тарихи-мәдени туристік нысан бар. Сауранда бұл орындарға инвестиция тарту жұмыстары да қарқын алып келеді. Мұражай тарапынан Ескі Сауран қалашығы аумағынан жоба құны 320,0 млн.теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары басталған. Сондай-ақ, Ескі Иқан ауылдық округінде жоба құны 50,0 млн.теңгені құрайтын «Жүсіп ата» кесенесінде «Сапар» орталығы мен музейдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.