Түркістандықтар Түркияға 2 ұшақ гуманитарлық көмек жібереді
Түркия еліндегі жер сілкінісі әлем халықтарының ортақ қайғысына айналғаны белгілі. Ал бауырлас қазақ халқына тіпті ауыр тиді.
Мемлекет басшысының бастамасымен 100-ден құтқарушы мен дәрігер Түркияның зілзала болған қалаларына аттанды.
Түркістан қаласындағы халықаралық «Turkistan» әуежайы Түркияның Ыстамбұл қаласына гуманитарлық рейс ұйымдастырып отыр. 10-11 ақпан күндері жолға шығатын ұшаққа қазіргі кезде қажетті заттар жинақталып жатыр. Оған кез келген азамат өз мүмкіндігінше көмек беріп, үлесін қоса алады. Ересектер мен балаларға арналған жылы қысқы киімдер, көрпе-төсек, тұрмыстық заттар әуежайда қабылданып жатыр.
Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы — 2 тонна болмақ. Әуе рейстерін «Fly Arystan» және «Turkish Airlines» компаниялары орындайды. Қаржылай көмек беремін деушілерге арнайы маман бекітіліп, есеп-шотта ашылған.