Шымкентте 500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Шымкентте 500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында департамент тарапынан енгізілген ұсыныс қорытындысында жекеменшік балабақшаларға негізсіз мониторинг жүргізу туралы бұйрықтардың күші жойылған. Сондай-ақ, 506 шағын және орта бизнес субъектілеріне кез келген тексерулер тоқтатылды.
«Кәсіпкерлікті шенеуніктер тарапынан заңсыз араласудан және әкімшілік кедергілер жасаудан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында. Бизнес өкілдеріне рұқсат етілмеген мониторингтердің тоқтатылғаны туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға болатын Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы туралы ресми түрде хабарланды»-деп жазды Дәурен Ерғарин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *