Жарық болса, жағдай жақсарады

Елімізде бүгінгі күні АЭС тақырыбы көпшілікті қатты алаңдатып отыр. Әрбір басқосуда, отбасылық жиындардарда, тіпті, екі адамның басы қосылса болды АЭС туралы сөз етіп жатыр. Баршасы өз білгенін айтып, үн қосуда.

Жалпы АЭС бізге керек пе, оның тиімділігі неде? Енді осы жағына тоқталып көрелік.

АЭС ең алдымен еліміздегі энергия тапшылығын жояды. Бұрынғыдай өзге елдерге тәуелділікпен қарайтын кезден арыламыз. Яғни, өзімізден шыққан энергия, елімізді толық қамтуға жететін болады.

Күн сайын өндіріс орындарының саны артып, коммерциялық құрылымдар көбейіп жатқан тұста бұл ең үлкен мәселе деп қабылдауымыз қажет. Сондай-ақ, жарығымыз сапалы жанып тұрса, тіршілікте де даму жүреді. Бұл елің экономикалық жағдайының жақсаруына тікелей әсер ететіні анық.

Яғни, зауыттар тоқтаусыз жұмыс істеп тұрса, онда өндірілген өнімдер экспортталады. Ал, одан түскен табыс жалақы мен қажетті қосалқы бөлшектерге жұмсалады. Кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары құрылады. Мұның баршасыда ел халқының әлеуметтік жағдайын жақсартары анық.

Жалпы АЭС туралы пікір айтқанда ең алдымен мамандардың сөзіне жүгініп, ғалымдардың тұжырымдамасына тоқталғанымыз дұрыс. Ал, бұл саланы білмейтін адамдар бізді адастырмасына кім кепіл. Сондықтан, қоғамдық пікір білдіріп, қарсы шықпастан бұрын, зерделенген, зерттелген тұсына тағы бір көз жүгіртейік.

Алмас Бағдатов

Сайрам ауданының тұрғыны, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *