АЭС-қа тікелей мемлекет жауапты болады
Елімізде АЭС тақырыбы біраздан бері қозғалып келеді. Сала мамандары АЭС қажет екендігін айтуда. Ал, кей адамдар ол пікірлермен келіспей, қарсы шығып жатыр. Бар айтарлары, оның жарылу қауіпін алға тартуы. Әлі салынбаған АЭС-ті жарылып кетеді деп қауіптену – бұл жаңбырдан қорқып бидай екпеумен бірдей деп ұғынамын. АЭС салуды мемлекет көшедегі құрылысшыларға сеніп тапсырмасы анық. Оған әлемдік деңгейде тәжірибесі мол, білікті де, білімді кадрлар келеді. Осы жұмыспен шұғылданып жүрген компаниялар атқарады. Онда қаншама қадағалаушы фирмалар мен мамандар жұмыс істейді. Сондықтан, үйде отырып, байбалам салуды қажеті жоқ деп ойлаймын. Мемлекеттік деңгейде қолға алынған бастама болғандықтан, бұл іске тікелей мемлекет жауапты болады.
АЭС елдегі энергия тапшылығын шешеді. Қазір елімізде жұмыс істеп жатқан жылу энерго орталықтары мен электр стансалары көп. Дегенмен, баршасы бір АЭС қуаттылығындай энергия өндіре алмайды. Сондай-ақ, бізде кен орындарынан шығып жатқан қазба байлықтарымыздыда АЭС-тің арқасында өз елімізде өндіруге мүмкіншілік туады. Зауыттар мен кәсіпорындардың қуаттылығы артады. Бұл елдің экономикасына тікелей оң ықпал етері анық.
Әділхан Төлегенов,
Сайрам ауданлық жастар ресурстық орталығының басшысы