Кентау – жасыл экономика қағидаттарын өмірге енгізіп келе жатқан қала

Кентау қаласы – Қазақстанның кенді орталығы ғана емес, сонымен қатар экологияны қорғау мен жасыл экономиканы дамыту бағытында үлгі боларлық аймақтардың бірі. Соңғы жылдары облыс табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, газдандыру, энергия үнемдеу және экологиялық туризмді дамыту сияқты маңызды бастамалармен тұрақты дамуға бет алды. Бұл ретте, тарифтік саясат та экологиялық және экономикалық теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталғанын байқауға болады.

2024 жылмен салыстырғанда биыл қалада ауыз су мен сарқынды сулар қызметтеріне тарифтерде өсім байқалады. Бұл өзгерістер экологиялық инфрақұрылымды жаңарту мен ресурстарды үнемдеу үшін қажет.

Қаладағы «Жасыл қала» мемлекеттік мекемесінің өкілі Б.Мамадалиевтің айтуынша, бұл тарифтік өсімдер халыққа алғашында ауыр көрінгенімен, олардың артында энергия тиімділігін арттыру, су ресурстарын сақтау, ескі желілерді жаңарту секілді ұзақ мерзімді мақсаттар бар.

Су тұтыну мәдениетін қалыптастыру мен ысырапты азайту үшін тарифтерді кезең-кезеңімен реттеу – экологиялық саясаттың бір бөлігі. Қазір қалада  энергия тиімділігіне басымдық берілуде. Мемлекеттік және жекеменшік нысандарда энергия үнемдейтін жарық көздері, жылу жүйелерін оңтайландыру, ғимараттарды жылу оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл бір жағынан тұтынушының шығынын азайтса, екінші жағынан табиғи ресурстарға түсетін қысымды төмендетеді.

Ал, газдандыру бағдарламасы – облыс экологиясын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып жатыр. Көмір мен отын жағудан туындайтын ауа ластануы біртіндеп азайып келеді. Бұл «Жасыл Қазақстан» және «Таза Қазақстан» акцияларымен ұштасып, ауаның сапасын арттыруға, халықтың денсаулығын жақсартуға сеп болады.

Кентау қаласындағы тарифтік өзгерістер мен экологиялық бастамалар жасыл экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі. Су мен энергия ресурстарын ұқыпты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, халықтың экологиялық сауатын арттыру – өңірдің болашағы үшін маңызды. Бұл бағыттағы әрбір қадам экологиялық тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық дамуға негіз болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *