«Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі жұмыс істейді

Жақында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жұмыс сапарымен Отырар ауыл округіне барып, онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Арыс елді мекенінде орналасқан ауыл округі әкімі аппараты мен «Аққу» ауылдық мәдениет үйінде болып, мекеменің қазіргі жай-күйімен танысты. Бұл қос мекеме өзара ыңғайластырылған жайда орналасқан. Ауыл округі әкімі аппаратында 7 мемлекеттік қызметкер, келісім-шарт негізінде 8 маман жұмыс істейді. Мекеме ғимаратында аудандық «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету» «Тең қоғам» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орналасқан. Аталған мекеме аудандағы «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету», «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» және «Күндізгі қатынау бөлмелері» құрылымдық бөлімшелері арқылы қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, елді мекендегі әлеуметтік маңызы бар нысанның бірі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Аққу мәдениет үйі. 1967 жылы салынған ғимаратта аудандық Жастар ресурстық орталығы мен ауылдық кітапхана жайы орналасқан. Аталған нысанда ауыл округінде түрлі көпшілік мәдение іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Айта кетейік, Түркістан облысында 11 мыңға жуық мүгедек бала бар екенін, оның 30 пайызын жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан ерекше балалар құрайды. Жалпы облыс халқының 38%-ы балалар, олардың 155 мыңнан астамы балабақшада, 520 мыңы мектепте. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында тұрады. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына барынша жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, «Оқушылар сарайы», түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыстарын бір сәт те тоқтатқан емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *