Дефектолог Айман Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері атанды

Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының дефектолог мұғалімі Қасымбекова Айман Қаныбекқызы Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевтың «Адал адам—адал еңбек—адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы білім беру жүйесіндегі құндылықтарды білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогтердің ұлттық сыйлығы» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, төсбелгімен марапатталды.

Айта кетейік, Түркістан – халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты.

Облысымызда 179 мың көп балалы ана бар.  2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде. Біз 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлерімен мақтанамыз. Аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда. Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар  басшылық жасап жатыр.

Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 27%-ын  нәзікжандылар құрайды. Осылайша, белсенді әрі іскер ханымдарымыз ел экономикасының дамуына да айтарлықтай үлес қосуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *