Түркістан облысында жыл басынан бері 20 мыңнан аса сәби дүниеге келді

Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап келеді. Биылғы жылдың алғашқы 5 айында  20 840 сәби  дүние есігін ашқан. Ал, 2023 жылдың 1 маусымынан 2024 жылдың 1 маусымына дейін 71 668 нәресте дүниеге келген. Бүгінде  облыстық перинаталдық орталықтарында «Ұрықты қорғау орталығы» ашылып, жұмыс істеуде. Осы жылдың 1 маусымнан бастап №2 облыстық перинаталдық орталығында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылып, бүгінгі таңда 60 жүкті әйел тексеруден өтті. Жобаның мақсаты – жүктіліктің бірінші триместріндегі денсаулық жағдайын диагностикалау. Барлық процедуралар заманауи құрал-жабдықтармен жүзеге асырылады. Бір күн ішінде клиника мамандары келесі қадамды анықтау үшін генетикалық диагностика жүргізеді.

Биыл  облыстың 10 акушер-гинекологы, 22 неонатолог және педиатр дәрігерлер Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына біліктілігін арттыруға жолданды. Сондай-ақ  «№3 облыстық перинаталдық орталығында катамнез кабинетін ұйымдастыру туралы» бұйрығымен катамнез кабинеті ашылып, кабинет сертификатталған неонатолог маманымен қамтамасыз етілді. Мұнда бүгінгі күнге дейін Түркістан, Кентау, Отырар, Созақ, Сауран аудандарының көрсеткіштері бар 285 нәресте кеңес алған.

Одан бөлек «№3 облыстық перинаталдық орталығында неонаталды хирургиялық төсек-орын ашу туралы» бұйрығымен орталықта жаңа туған нәрестелерге арналған 2 хирургиялық төсек-орын ұйымдастырылды. Бүгінгі күнге облыстық перинаталдық орталық деңгейінде 3 ота жасалынды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат шешіміне сәйкес, облысымыздағы сирек кездесетін аурулармен ауыратын 114 баланы тиісті дәрілік заттармен жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *