Бішкек автобустарында қырғыз тіліндегі мультфильмдер көрсетіледі
Бішкектің қоғамдық көлігінде қырғыз тілінде қысқаметражды мультфильмдер көрсетіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігі жергілікті Kabar басылымына сілтеме жасап.
Атап өтілгендей, тиісті шешім Президент жанындағы Мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Қаныбек Осмоналиевтің, Бішкек мэрінің орынбасары Мақсатбек Сазықұловтың, Бішкек қалалық әкімдігінің мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Эльвира Ниязбекованың және «Бішкек жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖП басшысы Талант Қапаровтың қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды.
«Шешім Мемлекеттік тіл туралы Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылданды» делінген хабарламада.