Сауран ауданының ауыл шаруашылығы саласында өсім жоғары

Сауран ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттерінің бірі Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету. Ауданда ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылға арналған даму көрсеткіштерін орындау бойынша үш жақты келісім бекітілген. Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 85,48 млрд. теңгеге жоспарланса, 9 айда Нақты индекс көлемін орындау 104%-ды құрап отыр. Тиісті кезеңдегі қорытынды бойынша атқарылған жұмыстардың орындалуы 20 млрл 99 млн теңге болып, нақты көлем индексі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,2% құраған. Сауран ауданы бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 42 138 гектерға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 1178 га артқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *