САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖАҢА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне Сланов Бекзат Маханбетұлы тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуалиев арнайы келіп, таныстырды. Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы арнайы қатысып, жаңа басшысының қызметіне сәттілік тіледі. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін бұған дейін атқарып келген Бақыт Мырзалиевке Арман Абдуллаев абыройлы қызметіне алғыс білдіріп, ауданның медицина саласындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс хат табыс етті.
Сланов Бекзат Маханбетұлы — денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар білікті басшы.1985 жылы 8 шілдеде Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар “ ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару “ Академиясының Мемлекеттік басқару магистрі
және Қоғамдық денсаулық сақтау және жалпы хирургия бойынша жоғары санаттағы маман.
Бұған дейін Қазығұрт, Келес және Сарыағаш аудандарындағы медициналық мекемелерде түрлі жауапты қызметтер атқарған. Соңғы қызметі — Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының басшысы. Осы уақытқа дейін Сарыағаш аудандық орталық ауруханасын басқарған Бахыт Иябайұлы басқа жауапты қызметке ауысты.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *