БӘЙДІБЕК: “ҚАЗПОШТА” АҚ БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ ПОШТА ТОРАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

“Қазпошта” акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалы директорының бұйрығымен Мелдебеков Роллан Әділханұлы “Қазпошта” АҚ Түркістан облыстық филиалы Бәйдібек аудандық пошта байланысы торабының бастығы лауазымына тағайындалды.
Мелдебеков Роллан Әділханұлы 1981 жылы Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімді. Шымкент қаласындағы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін зангер мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылдан бастап «Қазпочта» АҚ облыстық филиалында маман, зангер, облыстық арнаулы байланыс кызметі бөлімі басшысының орынбасары. 2017 жылы Сарыағаш аудандық пошта байланыс торабы бастығының орынбасары, 2018-2022 жылдары Кентау қаласы, Мақтаарал аудандық пошта байланыс тораптарының бастығы кызметтерін атқарған.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Төлеби аудандық пошта торабының басшысы қызметін атқарған.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *