Cозақта 210 жоба қаржыландырылды

Жақында Созақ ауданына баспасөз-туры ұйымдастырылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары алдымен «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсібін өркендетіп отырған азаматтардың шаруашылығымен танысты.

Айта кетейік, өткен жылы аталған бағдарламаға қатысуға аудан бойынша 277 тұрғын өтініш білдіріп, жоба ұсынған екен. Бүгінге дейін  210 жобаға 1 млрд. 168 млн. 610 мың теңге несие беріліпті.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған созақтықтар арасында Құрманбек Маюсов та бар. Жартытөбе ауылының тұрғыны жоба құны 5 миллион теңгені құрайтын термопанель өндірісін қолға алған. Қазіргі уақытта алғашқы тапсырыстарын қабылдап үлгерген кәсіпкер 3 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ, Қызылкөл ауылының тұрғыны Бақытхан Ердешұлы да «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, өз жобасын қорғаған екен. Қазіргі таңда ол да өзінің тігін шеберханасында тапсырыстарын қабылдапп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Мемлекет тарапынан 7 300 000 теңге көлемінде несие алып, кәсіп бастаған Бақытхан Ердешұлы бүгінде ауылда ғана емес, аудан көлемінде тапсырыс қабылдап жатқанын жеткізді. Алдағы уақытта шеберханасын кеңейтуді мақсат етуде.

Бұдан бөлек, Жартытөбе елді мекенінің тұрғыны Жамал Балакүл «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 6 млн. теңге несие алып, жаңа жылыжайды іске қосуда. Үйіргелік диқандықты қолға алған кәсіп иесі қазіргі таңда 1 гектар жерге қызанақ пен қияр егіп, жылына екі рет өнім алуды жоспарлаған болатын.

Қазіргі таңда облыс көлемінде балық шаруашылығымен айналысуға қызығушылар саны да артып келеді. Осындай кәсіпкерлер қатарында Шолаққорған елді мекенінің тұрғыны Ержан Асқаров та бар. Ол бағдарлама аясында 8 500 000 теңге несие алып, аудандағы балық шаруашылығын дамытуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *