ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен және қала прокуроры Кәукен Нәрікбаев пен маслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевтың қатысуымен интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мәселесіне арналған арнайы жиын өтті.
Жиынға прокуратура, полиция басқармасы, қала әкімдігі қызметкерлері, қалалық мәслихат пен ардагерлер кеңесінің өкілдері, сондай-ақ зиялы қауым мүшелері қатысты.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша жылдың алғашқы алты айындадағы көрсеткіштері бойынша Түркістан қаласында интернет-алаяқтыққа қатысты 85 қылмыстық іс тіркелген. 2024 жылы жалпы 116 қылмыс тіркелсе, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 406-ға жеткен.
Аталған динамика интернет-алаяқтық қылмыстарының белсенді түрде өршіп отырғанын көрсетеді. Мәжіліс барысында қала прокурорының орынбасары О. Мусаев, полиция басқармасының өкілдері Е.Оралбаев пен Ж.Жақай баяндама жасап, интернет қылмыстарының негізгі түрлері мен жиі қолданылатын алаяқтық тәсілдері туралы баяндады.
Сонымен қатар, тұрғындардың цифрлық қауіпсіздікке бейжай қарауы – басты себептердің бірі ретінде атап өтілді.
Қала әкімі өз сөзінде тұрғындар арасында ақпараттық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталып, құқық қорғау органдарына профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, әкімдік қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуді кеңінен жүргізуді тапсырды.
Бүгінде интернет кеңістігінде алаяқтардың әрекеті жылдан-жылға күрделеніп, айла-тәсілдері үнемі өзгеріп отырады. Сол себепті қала тұрғындарынан күмәнді сілтемелер мен бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбей, жеке деректеріңізді ешкімге жария етпеулеріңізді сұраймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *