КЕНТАУЛЫҚ БАЛУАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында бақ сынаған Ерасыл Мұсан қола жүлдеге қол жеткізді.
55 келі салмақта ел намысын қорғаған балуан 2007 жылы Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ащысай ауылында дүниеге келген. 4-сыныптан бастап грек-рим күресімен айналысып келеді. Ол – Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2022 жылғы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, 2024 жылы Испанияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы және Иорданияда өткен Әлем чемпионатына қатысушы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі