Махинаның наубайханасында күніне 1600 дана бөлке нан жабылады

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғыны Муслимова Махина кондитерлік өнім шығару кәсібін дамыту мақсатында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алған болатын. Айына 15 өнім түрлерін шығарады. Қазіргі таңда 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Цех жұмыс істеп тұр және өткізу нарығы тұрақты.

Орайы келгенде айта кетейік, мемлекет басшысы ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. 80 пайыздан астам тұрғыны ауылдарда тұратын Түркістан облысы үшін бұл бастаманың маңызы зор. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – біріншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, табысын молайту. Екіншіден, ауылдан жастар ірі мегаполистерге кетіп жатыр. Соларға жағдай жасап, ауылдарды аман сақтап қалу және көші-қонды реттеу көзделген. Үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және отандық өнім үлесін көбейту. Ауыл тұрғындары өнімдерді өздері өндіру арқылы табыстарын молайтып, елімізді отандық өніммен қамтуға да үлес қосады. Ондағы басты мақсат – тұрғындардың кәсіппен шұғылданып, табыс табуына көмектесу. Жалпы «Ауыл аманаты» жобасының біздің облыс үшін маңызы өте жоғары.

Өйткені, Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республикада ерекше орын алады. Климаты жағынан да, жұмыс күші тұрғысынан да Түркістан облысы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін еліміздегі ең қолайлы өңір болып есептеледі. Облыста 1 миллионнан астам тұрғынның тіршілігі ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы облыс халқының табысын арттыруда оң нәтиже беруде. Бүгінгі таңда бағдарлама есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, 3413 жаңа жұмыс орны құрылды, 75 кооператив ашылды.

Ескі Иқан ауылдық округінде наубайхана ашқан жеке кәсіпкер Махина Муслимова да өткен жылы «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының 6-бағыты арқылы 7 млн. теңге алып, жұмысын бастаған. Наубайханада күніне 1600 дана бөлке нан жабылып, дүкендерге өткізіледі.

Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31 пайызында іскер ханымдар  басшылық жасап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *