Шахида құрт, ірімшік жасап кәсібін дөңгелетуде

Жас кәсіпкер Тұрсынқұлова Шахида Нематқызы Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округінде тұрады. Өз кәсібін бастау мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на өз бизнес жобасын ұсынып, нәтижесінде несиеге қол жеткізген. Қазіргі таңда ол “Сауынды ірі қара мал” бизнес жобасымен (айран, сүт, құрт, ірімшік) өнімдерін өндіріп, өз кәсібін дөңгелетуде.

Ауыл аманаты» жобасы облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің макро-экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты дамуына оңды әсерін тигізуде. Бүгінде өңірде 92,8 мың агроқұрылым жұмыс істеп тұр. Бұл – республика көлеміндегі агроқұрылымдардың 31 пайызы. Олардың басым бөлігі ұсақ шаруашылық негізінде құрылғандықтан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысы мен әлеуметтік жағдайларының жақсаруына оң әсерін тигізген. Атап айтқанда, былтыр бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге бөлініп, басымдық берілген негізгі 6 бағыт бойынша 3 256 жоба қаржыландырылған. Яғни 16 ауданға қарасты 64 ауылдық округтің тұрғындары 2,5 пайыздық үстемемен жеңілдетілген несие алған. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орны пайда болып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайып, табыс көзі ұлғайған. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 2 544-ке көбейіп, 64,2 мың мал сатылып алынған. 19 қайта өңдеу кәсіпорыны ашылып, 75 өндірістік кооператив құрылған, 16,4 гектар алқапқа 328 жылыжай салынған. Бүгінгі күнге дейін осы жобалар аясында 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Өңірде өндірілетін өнім көлемі 1 трлн. теңгені құрайтын болса, оның 15,5 млрд. теңгесі кооперативтердің үлесінде. Облыста 794 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеп тұр. Олардың 156-сы егін шаруашылығы, 82-сі мал шаруашылығы, қалғандары қызмет көрсету бағыты бойынша жұмыс істейді. Биыл өңірге «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 10,6 млрд. теңге бағытталып отыр. Жобаға 62 ауылдық округтің тұрғындары мен алпыстан астам кооператив қатыспақ. Нәтижесінде шамамен егін шаруашылығы бойынша – 300, мал шаруашылығы бойынша – 272, құс шаруашылығы бойынша – 170, балық шаруашылығы бойынша – 111, кооперативтерді жабдықтау бойынша 62 және өз кәсібін ашу бойынша 300 жоба қаржыландырылады. Жалпы, биыл бағдарлама арқылы 1 215 жобаға қолдау көрсетіліп, 1 701 жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Жалпы облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар. Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31 пайызында іскер ханымдар  басшылық жасап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *