Нәзік жандыларға «Нәтиже» жобасы таныстырылды

Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасын таныстыру шарасы өтті.

Аталған жобаның мақсаты — осал топтағы әйелдерді нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу. Сондай-ақ бұл жоба негізгі 3 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда әйелдер алғашқы бөлімде смм, таргет, маркетинг және өнімді сатылымға шығаруды үйренсе, келесі бөлімде сұранысқа ие қолөнер, клининг, базалық құрылыс пен глютенсіз тағам әзірлеу жұмыстарын меңгереді.

«Нәтиже» жобасының жетекшілері «Дара» медиа холдинг басшысы, Рухабза Халдарбек бастаған, бизнес тренерлер тобының мүшелері Назым Исмағанбет, Нұргүл Сариева, Дина Рашева және Сымбат Жүзенқызы сынды өңірге белгілі мамандар. Жоба жетекшілерінің айтуынша, «Нәтиже» бағдарламасы әйелдердің жеке кәсіп бастап кетуіне, отбасылық қаржыны молайту мен үй жағдайында табыс тауып нәтижеге қол жеткізуіне таптырмас мүмкіндік дейді.

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның мәлімдеуінше, биыл 21 295 жұмыссызды кәсіптік және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, өткен қаңтар, ақпан айларында нақты 2 675 адам (1 240 адам онлайн, 1 435 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша) оқыды. Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін жаңа бизнес-идеясын дамытуға 1 793 адамға грант беру көзделген болатын. Гранттарды 2 лек шеңберінде беру жоспарланып, алғашқы легі бойынша өтінімдерді қабылдау 8 сәуірде басталды. Жас кәсіпкерлерге жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру мәселесі қолға алынғаны белгілі. Осы орайда 621 адамға 3 105 млн. теңгенің шағын несиесін беру жоспарланды.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4 803 жұмыс орнын ашу жоспарланып, оның ішінде 1 600 адам шағын несие алса, олардың есебінен құрылған кооперативтерге 1 724 адам жұмысқа орналасады. 1 479 адам жоба іске асырылатын ауылдардағы бос жұмыс орындарына жолданады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *