Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерліктің 31 пайызында іскер әйелдер басшылық жасауда

Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында: «Мемлекеттік саяси қызметшілер құрамында әйелдердің өкілдік етуі саласында оң серпін жоқ. Жұмыс істейтін 728 мемлекеттік саяси қызметшінің 65-і немесе 8,9 %-ы әйелдер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы әйелдердің үлесі 9 %-ды құрайды. Ал, Испания мен Финляндияда Үкімет мүшелерінің 60 %-дан астамы әйелдер» делінген.

Жергілікті (аумақтық) атқарушы органдардағы басшы лауазымдарда әйелдердің өкілдік етуінде үлкен өзгерістер байқалмайды. Облыс әкімі лауазымындағы әйелдердің үлесі − 5,9 % (17 облыстың 1-уі). Барлық
17 өңірде әйел әкім орынбасарларының үлесі 9,3 %-ды құрайды. Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің және олардың бірінші орынбасарларының жалпы құрамында әйелдер 9,5 %-ды құрап отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдер үлесін кезең-кезеңімен 30 %-ға дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Бүгінде Түркістан облысы  халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Өңірдегі аналар тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда.

Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар  басшылық жасап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *