Биылғы жазғы демалыста балаларға тосын сыйлар көп

Дәл қазір еліміздің барлық аймағында «Жаз қызығы – көңілді демалыс» тақырыбында 6 мыңнан астам іс-шара өтті. Іс-шаралар қалалық флешмобтардан бастап, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстарды қамтуда. Аталмыш шараларға бүгінге дейін еліміздің әр өңірінен барлығы 270 мыңнан астам оқушы қатысты. Оқушылар педагогтермен және ата-аналарымен бірге шеберлік сағаттарына, мәдени бағдарламаларға қатысуда. Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрлер мен жаңа технологияларды үйреніп, жазғы уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуде.

Жалпы, 920-дан астам қосымша білім беру ұйымдарында бірнеше қызықты іс-шаралар өткізілді. Толығырақ айтар болсақ, жаяу серуендеу және экскурсиялар: 30 мың кішкентай саяхатшы еліміздің табиғаты мен тарихи мұрасын зерттеді. Еріктілер бригадалары: 7 мың бала қарт адамдарға, кішкентай балаларға көмек көрсетті және экологиялық акцияларға, аумақтарды тазалауға, түрлі қайырымдылық шараларға қатысты. Челлендждер мен акциялар: 25 мыңнан астам қатысушы қолдау білдірді. Шығармашылық байқаулар: 34 мың бала сурет, қолөнер, музыка, би және актерлік өнерде өз таланттарын көрсетті. Танымал тұлғалармен кездесулер және спорттық жарыстар: 86 мыңнан астам бала үшін өнер қайраткерлері, спортшылар, саясаткерлер, ғалымдар шабыт пен жаңа мақсаттардың жарқын үлгісіне айналды. Пікірсайыс клубтары: 6,5 мың бала өз идеяларын жариялауды және басқалардың көзқарасын құрметтеуді үйренді. Концерттік бағдарламалар мен флешмобтар: 50 мыңнан астам қатысушы жерлестеріне жарқын мерекелік іс-шаралар сыйлады.

Қосымша білім беру ұйымдарында балалардың шығармашылық жетілуіне, жеке дамуына бағытталған «Жаз қызығы – көңілді демалыс» жазғы маусымы жалғасын табуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *