Келес ауданында 18 инвестициялық жоба іске асырылды

Келес ауданының аумағы 345 129 гектарды құрайды. Онда 1 ауыл, 11 ауылдық округі бар. Ауданда халық саны 2023 жылдың қорытындысымен 134 072 адамды құрады. Бұл жалпы облыс халқының 6,3 пайызын құрайды.Шағын және орта бизнес субъектілерінің 2023 жылдың ІІІ-тоқсанда жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 12 880 бірлік болып, 17 525 адам жұмыспен қамтылған.

Тиісті кезеңмен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 3372 бірлікке және жұмыспен қамтылған адам саны 4146 өсті. Былтыр 31,4 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба іске асырылып, жалпы 1063 адамға жаңа жұмыс орындары ашылды. Атап айтқанда, Біртілек ауылдық округі аумағында жалпы құны 120,0 млн.теңгені құрайтын тамшылатып суғару жүйісінің құралдарын өндіру цехы іске қосылды. Цехтың құрал-жабдықтары Қытай Халық Республикасынан сатып алып, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде мұнда 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Абай ауылы аумағында тігін цехын іске қосып, 14 адамды жұмыспен қамтылды. Біртілек ауылдық округі аумағынан жалпы құны 50,0 млн.теңгені құрайтын бөдене жұмыртқасын өндіру жобасы іске қосылып, 9 адам жұмыспен қамтылды. Абай ауылы аумағынан жалпы құны 45,0 млн.теңгені құрайтын мақсары майын өндіру цехы іске қосылып, 5 адамды жұмыспен қамтылды. «Нұрболат» өндірістік кооперативі құны 3 млрд. теңгені құрайтын «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы Абай, Ошақты, Біртілек және Ұшқын ауылдық округтерінде жүргізілуде.     Жоба толық іске асқан соң 200 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

«ЭКО-культура» ЖШС-нің Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 500 гектар аумақта орналасатын өнеркәсіптік жылыжай кешенінің 1-кезеңінде құны 25 млрд. теңгені құрайтын 21 гектар жылыжай құрылысын ағымдағы жылы басталмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *