Сайрамда жас суретші дауыс берді
Рефрендумға сайрамдықтар белсенді түрде қатысып жатыр. Әсіресе, мұғалімдер мен дәрігерлердің және өнер адамдарының үлесі көп. Солардың бірі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, жас суретші Атабек Әлібекұлы Бекболатов референдумда өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін көрсетті.
«Бүгін тарихи күн. Ел тарихы мен дамуына оң өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда азаматтық парызымды орындап, еліміздің одан әрі дамуы үшін дауысымды бердім. Бүгінгі жалпыхалықтық референдумның маңызы зор. Елдің болашақ дамуына қатысты саяси өзгерістер референдумға шығарылып, халық таңдауына беріліп отыр. Бұл, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет » тұжырымдамасы негізінде іске асып отырған жоба деп білемін» — деді Атабек Әлібекұлы.
Дауыс беру кабинасына кіріп, өз таңдауын жасаған жас суретші қолындағы референдум бюллетень жәшікке салды. Сондай-ақ, жерлестерін еліміз үшін маңызы бар саяси іске белсенді қатысуға шақырды.
«Жалпы елді мекендерде таңнан бері науқан қызу жүріп жатыр. Мыңдаған азаматтар дауыс беруде. Науқан кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Тұрғындар жауапкершілікті ұғынып, референдумды қолдайды деген үміт мол. Сондықтан барша жерлестерімді дауыс беруге шақырамын. Сізде өз даусыңызды беріп, Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!» — деді Атабек Бекболатов.