Сайрамда Жазушылар Одағының мүшесі дауыс берді

Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі, «Мәртөбе» газетінің редакторы Нұрғиса Төремұратов келешек үшін өз таңдауын жасады.

«Бұл — халықтық шешім. Халықтың үніне құлақ асатын қоғам. Сондықтан референдумда халықтың белсенділігінің күштілігі, жауапкершілігінің күштілігі соны аңғартады. Мен өзім де бүгін дауыс бердім. Дауыс беру менің жауапкершілігім, азаматтық міндетім деп санаймын. Сондықтан референдум учаскесіне ерте барып, өз таңдауымды жасадым. Ел тұрғындары, жастар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Қазіргі уақытта бізге ең керегі — елдің бірлігі мен ынтымағы. Баршамыз осы құндылықтарымызды сақтай алсақ, алынбайтын қамал жоқ» – деді Нұрғиса Төремұратов.

Сондай-ақ, қаламгер көпшілікті референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«Құрметті жерлестер! Баршаңызды бүгінгі референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Ел болашағы жолындағы маңызды қадамға бей-жай қарамайық!» — деді қаламгер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *