Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да референдум учаскесіне келді
Сайрам ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да саяси науқанға белсенді түрде атсалысып, өз таңдауларын жасады. Айта кетейік, аудан аумағындағы әрбір сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай жағдай жасалды. Ол үшін сайлау учаскелерінде 8653 азаматқа арнайы кабиналар, тактильдік төсемелер мен арнайы бұрыштар, тұтқалар және пандустар қойылды.
Одан бөлек ауданға қарасты 42 елді мекенде 5 инватакси автокөлігінің қызметі аталған азаматтар үшін қызмет көрсетті. Барлық 89 референдум учаскелерінде азаматтар санаттары бойынша жеке бөлінді. Сондай-ақ, «Қолжетімді орта» интерактивті қолжетімділік картасына» мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы жерлер көрсетілген ақпараттар электронды картаға енгізілді.
Бұл шаралар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру мүмкінділігін арттырып қана қоймай, олардың еліміздің энергетикалық даму жолындағы мәселелерге бей-жай қарамайтынын аңғартады.