СОЗАҚТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКЕН «ДОСТАР» СТАДИОНЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Шолаққорған ауылында 30 тамыз – ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесі қарсаңында күрделі жөндеуден өткен «Достар» стадионы пайдалануға берілді. Жаңартылған нысанның құрылысы тұрғындар сұранысына орай жүзеге асырылды. Стадионның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйлеп, нысанның маңыздылығына тоқталды.
«Биыл ауданымызда спорт саласы ерекше қарқынмен дамуда. Барлық ауылдарда балалар ойын алаңдары мен футбол алаңшалары ашылып, жастардың спортпен айналысуына жан-жақты жағдай жасалуда. Бүгін аудан орталығындағы «Достар» стадионы қайта жаңғыртылып, халық игілігіне беріліп отыр. Бұл жер жасөспірімдеріміздің денесін шынықтырып қана қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастырып, жаңа жетістіктерге бастайтын орынға айналатынына сенімдімін», – деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Жаңарған стадионда 450 орындық көрермендер алаңы, жүгіру жолағы, стандартқа сай үлкен футбол алаңы, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған кабинеттер, спортшылардың киім ауыстыратын және жуынатын арнайы бөлмелері қарастырылған. Ашылу салтанатынан кейін «Созақ спорт клубы» мен аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жолдастық кездесу өткізіп, спортшылардың өнерін көпшілік тамашалады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
